скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі Кеңесінің Төрағасы

Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы
Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы
 

Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы 1980 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» профилі бойынша PhD докторы.

Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған.

2001-2005 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің оқытушысы;

2005-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппаратында қызмет атқарған;

2013-2014 жылдары – «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат Басқармасы»  ММ-нің басшысы;

2015-2016 жылдары аралығында  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде түрлі лауазымдарды атқарған;

2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры.

2018 жылдың мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы.

Мемлекеттік басқару саласында бірқатар мақалалардың авторы, сонымен қатар, «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау  үрдісін жетілдіру» монографиясының авторы.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальмен марапатталды.

Үйленген, үш  баланы тәрбиелеуде.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

 

 

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы