скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

Искендиров Асхат Батыржанұлы
Искендиров Асхат Батыржанұлы

Искендиров Асхат Батыржанұлы 1984 жылы, Қостанай облысы, Қостанай қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2007 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. 2008 жылы Халықаралық бизнес университетін бітірді. В 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.

2007-2009 жылдар аралығында Қостанай облысы маслихатының аппаратында қызмет атқарған.

2009-2010 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасында қызмет атқарған. 

2010-2014 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қызмет атқарған. 

2014 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары.

2014-2016 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі.

2016 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы